Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Харекет” қайырымдылық қоры көп балалы отбасына баспана сыйлады

“Харекет” қайырымдылық қоры “1000 теңгеге баспана” акциясымен Сатпаев қаласындағы көп балалы отбасына баспана сыйлады. Бұл туралы қордың әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.

Фото: @xareket_kory_official

“Баспанаға мұқтаждар көп. Бірақ, қордың бірінші үйі 7 баласы бар, бір баласы мүгедек, әйелі жетімдер үйінде өскен отбасына бұйырды. Нағыз мұқтажды тапқаныма сенімдімін”, – деп жазған қор жетекшісі.

Бұрын бұл отбасы мекеме офисының бір бөлмесінде тұрып келген.

Ассаляму алейкум Сəтбаев жамағаты.Алланың қалауымен сіздердің ауылыңызға бірінші баспана бұйырды.Араларыңызда неге мен болмадым деген мұқтаж бар шығар.Баспана жеті баласы бар,бір баласы мүгедек,əйелі жетімханада өскен бір отбасына бұйырды.Кəзір тұрып жатқан үйлері бір мекеменің офисының бір бөлмесі екен.Нақ мұқтажды тапқаныма сенімдімін. Осылай сіздерге үй береміз дегенде күйеуінің көзінен жас шығып кетті де далаға шығып кетті.Қыздың айтқан сөзі Алладан қайтсын болды.Мен тұрып кетіп бара жатыр едім Майра қыз келіп мені құшақтап алды.Құшақтап үндемей жылап тұра берді,тұра берді,тұра берді.Мен сол кезде жүрегіммен түсіндім нақ мұқтажды тапқанымды.Жетімдер үйіндегі тауқыметін сөзбен емес жүрегімен жеткізді. Анасын құшақтаған баланың құшағын сезіндім. Аллаһқа сансыз-мақтау мадақтар болсын.Алланың мейірімі шексіз. .Намаздан соң көп тіледім Аллаһым мұқтажды табуда қателесуден бір өзіңе сиынамын деп. Барлық осы баспананы алуға себебші болған жандарға Алланың нұры жаусын. Ерекше алғысымды білдіргім келеді Балмағанбет мешітінің бас имамы Қондыбай Серікбайұлы мырзаға, Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының директоры Дулат Рашидұлы мырзаға.Рахмет айтқым келеді жобамызға көп үлес қосқан Раш қажы апамызға,Қанат Жасанұлы қажыға.Жəне жастарға Елжан,Жандос,Абдурахман,Мадихан,Нұрасыл,Мөлдір. Алла разы болсын сіздерге. Асыл дінімізде садақа-бəлені жеп қояды. Ауыруларыңды садақамен емдеңдер делінген. “ХАРЕКЕТ “Қайырымдылық қоры енді келесі баспанаға кірпіш қаламақ.Атсалысайық бауырлар. Сауаптан құр қалмайық.Аман болыңыздар,еліміз тыныш,отбасыларыңызға береке тілеймін.Достар,бауырлар алдағы күндері видео отчёт болады.

Публикация от ХАРЕКЕТ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ (@xareket_kory_official)


“Осылай сіздерге үй береміз дегенде күйеуінің көзінен жас шығып, далаға шығып кетті. Қыздың айтқан сөзі Алладан қайтсын болды. Мен тұрып кетіп бара жатыр едім Майра қыз келіп мені құшақтап алды. Құшақтап үндемей жылап тұра берді. Мен сол кезде жүрегіммен түсіндім нақ мұқтажды тапқанымды”, – деген қайырымдылық жасаушы.

Жазбасының соңында, Балмағанбет мешітінің бас имамы Қондыбай Серікбайұлына, Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының директоры Дулат Рашидұлына , Раш қажыға, Қанат Жасанұлы қажыға жəне бірқатар жастарға алғысын айтқан.

Алдағы уақытта, “Харекет” Қайырымдылық қоры тағы басқа баспанаға мұқтаждарға көмектесетінін жазды. Ол үшін қайырымды жандар бірге жұмылып, ат салысу керек.

Тағы оқыңыз: 

Бір келі жақсылық: Ақтөбедегі оқу орны мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаудың ерекше түрін ойлап тапқан

«Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша алты мыңнан астам өтініш қабылданған 

Маңғыстауда дәрігерлер қыздың асқазанынан 30 см шаш түйінін шығарып алды

Талқылау
Пікір
Азиза
18 Сәу, 24 жыл - 21:17

Салеметизбе комек Бере аласыздарма Алла разлыгы ушын квартирада турамыз баспана жок балларым бар ожог болып калган енды осы шрамды жазу керек массажга Акша керек болып жатир Емине комек Бере аласыздарма Алла разлыгы ушын квартирада турамыз Акшамыз жетпеид квартирада каншама жыл турдык жагдаимыз мулде жок комек Берыныздершы 

Акгенже
04 Қаз, 22 жыл - 21:13

Салеметсизбе мен Джусипова Акгенже менин кызымнын кози кормеид казир 8 жаста сабаккада бералмаи отырмын жагыдаиым болмаи озим жалгыз басты анамын квартирада турам автомоикада жумыс жасаимын кызымды жаныма алып журем комек бераласпа 

02 Жел, 21 жыл - 03:54

салеметсиздерме мен 6 баланын анасымын туркистан каласында патер жалдап турамын еки. балам туракты жерим бомагандыктан мектепке баралмаи жатыр уимде комирм де прадуктамда жок дакументтерим магазинде залогта оларда карыз берми коиды жумыска шыгаиын десем  емизули балам бар куиеуим тапкан 20 30мыны жетпид укиметтен лготтан баска еш комек алмаимын прапискам жанакорганда балдарыңның киерге кими ишерге асы бомаи жатыр катты киналып кеттик улкеним казир 10 жаста 4 жаска дин судргимен ауырды сонын салдарынан окып  жазудыда билмиди кадимги мектептер алгысы кемиди ал арнаиы мектептер акылы оган менин акшам жок сиздерден отинип сураимын комек бериниздерши алла разылыгы ушин 🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭

Мама
21 Қыр, 20 жыл - 11:03

Саламатсызба 

Менин сурагым келгени . Менин жасын 38 де 4 баланын анасымын, жолдасым кайткан Таразы каласында турдык.. онда кун корис оте кйын болган сон Атырау каласындагы Аке анамнын колына келдим . Озим тенгизде вахталык жумыста жумыс истеймин... 2005 те жерге отиниш бергенмин мине сол жерде келди Бир Алланын калауымен , кужаттарын дайындап жатырмын бирак менин  каражатым жетпейди сол уйди салуга. Балдарым косымша сабакка барады, кйим , тамак, кредит дегендей ауыспайды Аллама  мында бир шукир квартирада емеспин бирак балдар осип келеди кашангы аке анамен бирге турамын.. сол уйди салуга акшалай комек корсетсениз или аз %колемде акшалай кредит алуга болама ? Деген сурактар мазалайды . Осы жагдайыма кандай комек колын соза аласыздар жане кандай жол корсетесиздер деген оймен жазып жатырмын...